
Қасиеттер
Ерекше иісі бар түссіз немесе аз ғана сарғылт сұйықтық. 155—200°С тар диапазонында мұнайды тура айыру жолымен шығарып алынады. Ресейде өнімге нормалар МемСТ 3134-78 стандартына сәйкес белгіленген. Қазіргі уақытта ірі мұнай өңдеу зауыттарының ешбірі Уайт-спиритті шығармайды. Солай болғандықтан тұрмыста техникалық шарттар бойынша өндірілетін Уайт-спириттер кең таралды. Олардың негізгі айырмашылығы – температураның кеңірек диапазоны.
Пайдаланылуы
Уайт-спирит ең алдымен лак және бояу жасау өндірісінде еріткіш ретінде пайдаланылады, майлы бояулар, алкидтік эмальдер және лактар, әртүрлі төсеме бояулар, МЛ (меламиндік), МЧ (несепнәрлі), ПФ (пентафтальдік), М (май-стирольдік және алкид-стирольдік), ВН (дивинилацетиленді, этинольді) маркалы тегістегіштер, битум және каучук негізінде жасалған әліпмай және мастикаларды сұйылту үшін. жемірілуге қарсы жабындар, автоконсерванттар және битум дақтарын сұйылту және жуып кетіру, беттерді майсыздандыру үшін де пайдаланылады. Нефрас С-4-155/200 (Уайт-Спирит) улылығы төмен, теріге түскен жағдайда қауіпсіз болғандықтан және өрт қауіпі болмағандықтан тұрмыстық үй-жайларды жөндеу бойынша жұмыстарда кеңінен қолданылады.
Кепілдікті сақтау мерзімі – шығарылған күннен бері 24 ай
Нефрас С-4-155/200 (Уайт-Спиритті) бір шертумен тапсыру немесе жедел желіге қоңырау шалу
8 800 707 35 65
(қоңырау ақысыз)